МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫН БЮРОКРАТИЯСЫЗДАНДЫРУ
Аннотация
Бұл тақырып бүгінгі күні өте өзекті, өйткені мемлекеттік басқарудың құзыреті қазіргі таңда халықпен қатынас құралы ретінде қаралып отыр. Мемлекеттік басқару түрі – саяси билік кімнің, қай субъектінің құзырында екенін айқындайтын ұғым. Қазіргі негізгі міндет – атаусыз жоспарлаудан әл-ауқатқа жетуді, елдің тұрақты дамуын мақсат ететін мемлекеттік саясатқа ауысу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі «мәселелерді басқарудан өзгерістерді басқаруға» ауысуы тиіс. Мемлекеттік жоспарлаудың ұзынсонар иерархиялық құжаттары мен көрсеткіштерінің орнын икемді стратегиялар мен оңтайлы ойлар басқаны жөн.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» жарияланды. Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Мемлекеттік басқарудың өкілді және атқарушы органдарын бюрократиясыздандыру – бұл:
-шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады;
-мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады;
-құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады.
Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлығын айқындайды.
Автор
Зейніл Ғалия Талғатқызы
DOI
https://doi.org 10.48081/GYWX7409
Ключевые слова
жарлық
мемлекеттік атқарушы органдар
бюрократия
құқықтық мән
құқықтық қызмет
Год
2022
Номер
Выпуск 2