Тікелей бағыныстылардың сыбайлас жерқорлық қылмыстары үшін саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауаптылығы
Аннотация
Бұл тақырып бүгінгі күні өте өзекті, өйткені әр мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тікелей басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартады.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Өзінің сайлауалды бағдарламасында: «Баршаңызға амандық! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс.» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлықты жоюдың жаңа тәсілдерін атап өтті, оның ішінде ол саяси мемлекеттік қызметшілердің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жеке жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді тапсырды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Президент қарамағындағы сыбайлас жемқорлыққа жауапты адамдардың тізбесін кеңейтіп, мемлекеттік органдардың басшыларын да тізімге енгізуді тапсырды.
Автор
Н.Қ. Дулат
DOI
https://doi.org 10.48081/PJQC4938
Ключевые слова
сыбайлас жемқорлық, заңнама, мемлекеттік атқарушы органдар, тікелей басшы, үкім
Год
2022
Номер
Выпуск 2